Талдықорғанда құтқарушылар жанып жатқан үйден 7 газ баллонын алып шықты
Талдықорған қаласындағы Көктөбе көшесінде орналасқан екі қабатты сегіз пәтерлі тұрғын үйдің шатыры жанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ТЖМ қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, өртті толықтай сөндіріп, үйден жеті газ баллонын қауіпсіз жерге алып шықты.
Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін үш куәгер - полиция, ТЖД және газ қызметінің қызметкерлері жұмыстан тыс бос уақыттарында өрт болған үйден 3 кәмелетке толмаған баланы құтқарды.
Алдын ала жану аумағы 250 шаршы метрді құрады. Тұрғындар өздері далаға шыққан.
ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігін сақтауға шақырады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы