Талдықорғанда құтқарушылар өрттен үш газ баллонын шығарды

Талдықорған қаласында құтқарушылар өрттен адамды құтқарып, үш газ баллонын шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сәйкес, Талдықорған қаласының Өтенай ауылында жеке тұрғын үй мен шаруашылық құрылысы өртенген.

Құтқарушылар 90 шаршы метр алаңдағы өртті жедел сөндіріп, 1961 жылы туған үй иесін құтқарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды, сондай-ақ 20 литрлік үш газ баллонын қауіпсіз жерге шығарды. Олардың кәсіби және үйлесімді әрекеттерінің арқасында адамның өмірі құтқарылып, өрттің таралуы мен газ баллондарының жарылуының алдын алды, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалу қажет.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов -архив
Өзгелердің жаңалығы