Талдықорғанда қоғамдық көлікпен жүру құны қымбаттай ма

Облыс орталығында 10 сәуірден автобуспен қатынау құны 150 теңге дейін көтеріледі деген ақпарат шықты. Мұны естіген жетісулықтар дүрлігіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ағымдағы ақпаратқа үңілсек, қала әкімдігінің 01.04.201.24 жылғы №243 қаулысының негізінде сәуір айының 10-шы жұлдызынан бастап, қалалық автобустармен қатынау құны қолма-қол ақшасыз төлем үшін 120 теңге болады делінген. Ал егер қолма-қол ақшаңыз болса 150 теңге төлеуге міндеттісіз. Шағын қала осылайша Алматы, Астана, Шымкент секілді ірі мегаполистердегі қоғамдық көліктердің бағасымен теңесе ме деген әңгіме ел ішінде дүрбелең туғызуда. Бұған қала әкімдігі былайша жауап берді.

2024 жылы қоғамдық көліктердің бағасын көтеру заңнамасы аясында шыққан ақпарат еді. Егер өзге өңірлерді автобуспен жұру құны көтерілетін болса, бізде соған сай әрекет етеміз. Әзірге қала ішінде жол жүру құны 80 теңге болып қалады. Халықтың дүрбелең туғызуына еш себеп жоқ. Біз бәрін бақылап отырмыз, - дейді қала әкімінің баспасөз хатшысы Олжас Құрмашев.

Тұрғындар арасында автобустың сапасына көңілі толмайтындар көп. Бұл мәселе бұрынырақта қозғалған. Енді аталған ақпарат әлеуметтік желіде үлкен пікір-қайшылығын туғызып үлгерді. Мәселен, Еркін ауылы, Үйтас пен Ынтымақ секілді қалаға қарасты саяжайларға автобустар сирек қатынайды. Тұрғындар сағаттап күтетінін айтады.

Жергілікті билік халықтың әлеуметтік деңгейімен санасуы қажет қой. Автобустардың іші өте тар, таңда жұмысқа барарда, кешке жұмыстан қайтарда қысылып қайтамыз. Орын жоқ, ішінен жаман иіс шығады. Сондай-ақ қаланың сыртына шығу үшін сағаттап күтеміз. Қосатын болса, 20 теңге қосса да жетіп жатыр ғой, - дейді қала тұрғыны Евгения Прохов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы