Талдықорғанда Қасым-Жомарт дауыс берді
Талдықорғанда тұңғыш рет ҚР Президентінің атымен аттас 18 жастағы қала тұрғыны Қасым-Жомарт өз таңдауын жасап, №396 дауыс беру учаскесінде өз таңдауын жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бүгінгі референдумда мен ел болашағы үшін алғаш рет таңдауымды жасадым. Бұл мен үшін маңызды қадам. Еліміздің болашағы жарқын болуына өз үлесімді қосуға дайынмын, - деді Қасым-Жомарт.
Айта кетейік, бүгін аймақта Республикалық референдум күнінде алғаш рет дауыс беріп жатқан 2000-нан аса сайлаушы бар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Референдум 402 күн талқылауда болды - Қарин
Өзгелердің жаңалығы