Талдықорғанда қабір қоршауларын ұрлап сатқан ер адам ұсталды
Талдықорғанда қабір қоршауларын ұрлаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Полицейлер 42 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, қазір күдіктінің 29 зираттың қоршауларын ұрлауға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Қалалық полиция тергеушілері ер адамның Еңбек және Еркін ауылдарының маңындағы зираттарда, сонымен қатар "Шайқорған" саяжай алабы мен жергілікті әуежай маңындағы жерлеу орындарында өзінің "іздерін" қалдырғанын анықтады. Ұрлық соңғы бірнеше айда жасалған.
Ұсталған адам бұрын тонау бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Ұрланған қоршаулардың бір бөлігін облыс орталығындағы сынықтарды қабылдау пункттерінен табуға мүмкін болды. Сондай-ақ күдіктінің бұрын ұсталған зират ұрылар тобының құрамында бірнеше рет әрекет еткені анықталды. Қылмыстық топтың үш мүшесі әзірге 20-дан астам қабір қоршауын ұрлады деп күдіктелуде, – деді Талдықорған ПБ Тергеу бөлімінің тергеушісі Елжас Тұрсынбай.
Қалалық сот күдіктіге "қамаққа алу" санкциясын берді.