Талдықорғанда оқушылар зауыт маңынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер тауып алды

Талдықорғанда оқушылар жұмысы тоқтап тұрған зауыттың маңынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Талдықорған қаласының мектеп оқушылары, 11 жастағы Мейір Мұхтарұлы мен 9 жастағы Валентин Артеменко зауыт маңынан атыс қару мен оқ-дәрілерді тапты. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері 2 ПМ (Макаров тапаншасы) және 30-дан астам патрон тәркіледі.

Қарудың атуға жарамдылығын тексеру үшін сараптамаға жіберілді. Азаматтық борышын көрсеткен саналы жасөспірімдерді қалалық полиция басшылығы грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапаттады. Сонымен қатар тәртіп сақшылары балаларына лайықты тәрбие берген ата-аналарына алғыстарын білдірді. Облыс полицейлері атыс қару мен оқ-дәрілерді өз еркімен тапсырған азаматтардың әрекеттерінде басқа қылмыстар болмаса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылатынын еске салады.

Бұл ретте адамды қамауға алу кезінде, сонымен қатар оларға анықтау және тергеу әрекеттерін жүргізу барысында алынған қару “өз еркімен тапсыру» деп танылмайтынын ескеретеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы