Талдықорғанда көлікті айдап кеткен күдіктінің бірнеше ұрлыққа қатысы бар болып шықты

16 ақпан полиция қызметкерлеріне облыс орталығын патрульдеу кезінде, қарсы алдынан шыққан Audi-80 автокөлігі күдікті болып көрінді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

Шетелдік көліктің мұз басқан алдыңғы әйнегі жүргізушінің көлікке асығыс отырып кеткенін байқатты.Жүргізуші полиция қызметкерлерінің тоқтату талабын елемей, керісінше жасырынуға тырысып, қаша бастады. Алайда ер адам ұсталды.

 Ол бұрын сотталған 27 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Иномаркада аккумулятор болмаған соң, жақын жерде тұрған Volkswagen көлігінің аккумуляторын ұрлап кеткен. 

ергеу барысында ұсталған азаматтың облыс орталығындағы асханалар мен бірнеше дүкендердің бірінің кассасынан бірнеше рет ақша ұрлығына қатысы бары анықталды. 

Белгілі болғандай, ол бұған дейін топтасып зорлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 2021 жылы түрмеден босатылған. 

ҚР ҚК 200-бабы “Айдап кету” және 188-бабы “Ұрлық” бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Күдікті УҰИ-на қамалды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: kaz.zakon.kz
Өзгелердің жаңалығы