Талдықорғанда көлік өртенді

Бүгін, 14 шілдеде Талдықорған қаласында жеңіл автокөліктің мотор бөлшектері өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖМ күштерімен өрт шақырту түскен сәттен бастап 13 минут ішінде сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталып жатыр.

Жол көлігінде төтенше жағдай орын алған жағдайда 112 телефонына хабарласыңыз, - деді Төтенше жағдайлар министрлігі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы