Талдықорғанда көлігімен балшыққа батқан екі адам құтқарылды

Жетісу облысында ТЖМ құтқарушылары жолаушылармен бірге жолда қалып қойған көлікке көмектесті, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, Талдықорған қаласының әуежайына жақын маңда екі адам жеңіл автокөлікпен балшыққа батып қалған.

Құтқарушылар оқиға орнына жедел келіп, зардап шеккендерді қалаға аман-есен жеткізді. Медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ, - делінген министрлік таратқан хабарламада.

Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарласу қажет.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Өзгелердің жаңалығы