Талдықорғанда ІТ мектептер ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Талдықорғанда IT Hub құрылады. Соның аясында IT-мектептер де ашылмақ.
Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің Жетісу облысындағы жұмыс сапарын барысында айтылды.
Мемлекет басшысы 2025 жылға қарай кемінде 100 мың білікті IT-маманын даярлау міндетін қойған болатын. Сондықтан жаңадан құрылатын технопарк заманауи құрылғылармен жабықталып, онда тиісті мамандар әзірленеді.
Жалпы IT-нарығының көлемі жыл сайын артып, сала мамандарына сұраныс көбейіп келеді. Алдағы уақытта арнайы мектептер ашу жұмысы жанданбақ. Осылайша кадрлық мәселе біртіндеп шешіледі.
Сондай-ақ министр Талдықорғандағы полиция департаментінің жедел басқару орталығы жұмысын оң бағалады. Қауіпсіз қала негізінде бейне бақылау камераларының маңызы зор екенін айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Көкшетауда 20 үйді су басты
Өзгелердің жаңалығы