17 Маусым 2023 2023, 13:20
Фото: скрин
Талдықорғанда есірткі саудасына қатысы бар күдікті ұсталды
Талдықорғанда есірткі саудасына қатысы бар күдікті ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Талдықорғанда есірткі саудасына қатысы бар күдікті ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Күдікті сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінің жанында ұсталды.
Жеке тінту кезінде және тұрғылықты жерінде ұсталған ер адамнан ерекше иісті ақ түсті ұнтақ заты бар екі бума тәркіленді. Сондай-ақ белгісіз маркалы тапанша тәркіленді, – деді Жетісу облысы ПД ЭҚІҚБ бастығы Болат Болысбеков.
Ұсталған азамат УҰИ-ға қамалды. ҚК-нің 297-бабы бойынша тергеу амалдары басталды. Тәркіленген зат пен қару бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды.