Талдықорғанда есірткі сатушы марихуанамен ұсталды

Қала орталығында күдіктіні ұстау бойынша арнайы операция жүргізілді. 30 жастағы Алматы тұрғыны ұсталды,  деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

Оның рюкзагынан 44 сіріңке қорабына салынған марихуана табылды. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 125,35 граммды құрады. Бұл дерек СДТБТ-да ресми тіркелді. Күдікті УҰИ-ға қамалды. 

Тергеу ҚР ҚК-нің 297-бабы 2-бөлігі “Есірткі заттарды өткізу мақсатында заңсыз сақтау” бойынша жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы