Бүгiн 2026, 15:37 Фото: ІІМ

Талдықорғанда бопсалаушылар таныстарын қорқытып, несие алуға мәжбүрлеген

Талдықорғанда микронесиелерді рәсімдеумен байланысты бопсалау деректері тоқтатылды.

Талдықорғанда 19 жастағы екі жігіт таныстарын қорқытып, микронесие рәсімдеуге мәжбүрлеген. Содан кейін ақшаны өздеріне алып қойған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тергеу мәліметінше, қылмыстық топ 2024 жылдың күзінен бастап әрекет еткен. Жәбірленушілер несие рәсімдеп, қолға тиген қаражатты қаскөйлерге беріп отырған.

Олардың әрекетінен алты адам зардап шекті. Жалпы шығын көлемі 2 млн теңгеден асты. Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынды. Қылмыстық іс сотқа жолданды, – деп атап өтті ІІМ баспасөз қызметі.

Полиция кез келген қысым көрсету немесе бопсалау фактілері бойынша дереу құқық қорғау органдарына хабарласу қажеттігін ескертеді.

Еске салайық, бұған дейін Астанада клиенттерге "күш-қуат" арттыратын қоспа сатқан фитнес-жаттықтырушы ұсталды