Талдықорғанда бір жылда 4 мыңға жуық сәби өмірге келген
Биыл Жетісуда облыстық перинаталдық орталық ұрық хромосомаларына инвазивті пренаталдық диагностика және генетикалық зерттеу жүргізеді. Бұл әдіс бала мен ана өміріне оң септігін тигізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ел ішінде бала туу көрсеткіші бойынша Жетісу өңірі үздіктер қатарында тұр. Дегенмен қайғылы оқиғаларда кездеседі. Кейде дәрігерлер аналардың күтінбегенін айтып, бала өміріне араша түсе алмайды. Сол мақсатта ұрықты қорғау орталығы хромосомалық ауытқуларды және басқа да тұқым қуалайтын аурулардың алдын алу жұмыстарын жүргізбек.
Облыс оралығында қаңтар айынан бері 354 сәби дүние есігін ашты. Былтыр шаһарымызда 3788 бала өмірге келген еді. Тіпті бір аптада 196 бала дүниеге келіп, перзентханамызда той болған. Бұл қала тұрғындарының өсіп-өркендеуі мен әлеуметтік жағдайының жақсарғанын көрсетеді, - дейді денсаулық сақтау басқармасының басшысы Арман Жансеңгіров.
Қазір өңірде бала мен ананың денсаулығын жақсарту үшін түрлі жоба қабылданып жатыр. Мәселен аталған орталықта нейроортопедиялық дерті бар, церебральды сал ауруы анықталған балаларды оңалтудың әлемдік әдістемелері мен заманауи тәсілдері қолданылады.
Одан бөлек, тұрғындарға механотерапия, мантессори, шунгит шахталары, сенсорлық бөлме, иппотерапия, психолог, логопед және массажист кабинеті қызмет көрсетіледі. Оларды халық тегін пайдаланады.
Қазір ата-аналар күтінбесе, бұрынғыдай емес түрлі ауру-сырқау көп. Оның үстінен коронавирустан кейін, мен секілді келіншектер бала көтере алмай біраз қиналды. Қалалық перзентханаға барып, қаралып тұрамыз. Олай істемесе болмайды, - дейді көпбалалы ана Айнұр Жарылқасын.
Айта кетейік, бүгінде облыс орталығында халық саны 207 мыңға жетті.