Талдықорғанда бильярдтан "Жетісу Куогы" халықаралық жарысы өтті

Талдықорған қаласында бильярдтан Ардагерлер арасында "Жетісу Куогы" үшін өткен халықаралық жарыс өз мәресіне жетті.

Жарысты ұйымдастырушылар-Жетісу облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен таяуда құрылған "Қазақстан Республикасы Ардагерлер бильярдшылар Одағы".

Жарысқа Астананың "Ауыл Ұландары" мен "Тарлан" командалары, Шымкенттің "Тұран", Тараздың "Әулиеата" , Алматының "Корона", Қырғыз мемлекетінің "Манас" және " Алатоо", Талдықорғанның "Жетісу" командалары қатысты.

Жарыс үш күнге созылды. Ардагерлер арасындағы сайыс өте тартысты өтті. Сол себепті, командалардың бәріде жүлделі орындардан үміттенді. Дегенмен, екі күн бойы бар қарсыластарына дес бермеген Бішкектен келген "Манас" командасы "Жетісу Кубогын" жеңіп алды. Екінші орында Шымкенттің "Тұран" командасы. Үшінші орынға Астананың " Ауыл Ұландары командасы ие болды.

Алуа Оспанжан

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы