Талдықорғанда базар өртенді

Кеше түнде тұтанған жалын бірнеше сауда дүкендерін шарпып өткен. Базар алдындағы «Мерседес Бенц Спринтер» автокөлігі өртке оранған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Облыстық төтенше жағдай департаментінің мамандарының айтуынша, 08.08.2024 түнде сағат 02:30 шамасында базар маңынан өрт шыққан. Электр сымдарындағы қысқа тұйықталуынан «Әлдібек» сауда үйінің алдындағы тоңазытқыштың өртеніп кеткен. Соның салдарынан «Әлдібек» сауда үйінің алдыңғы бөлігі мен «Мерседес Бенц Спринтер» автокөлігі жанып кеткен. Қазір саудагерлер тауарларын түгендеп жатыр.

Абырой болғанда өрттен жапа шеккен адам жоқ. Түнде болғандықтан өртті дер кезінде өшіруге мүмкіндік болмады. Дегенмен департамент қызметкерлері қоңырау түскен бетте барып, тілсіз жаудың алдын алды. Қазір жағдай тұрақты. Мамандар кеткен шығынды есептеп жатыр. Электр тоғының кесінен осындай жағдай орын алып отыр. Ең бастысы адам шығыны жоқ, сол қуантады. Қалған материалдық затқабіз жауап бермейміз. Апат айтып келмейді, - дейді ТЖД Кадр және тәрбие жұмысы басқармасының инспекторы азаматтық қорғау лейтенанты Назерке Смағұлова.

Ең өкініштісі, сауда үйі алдындағы азық-түліктер сақталған дүнгіршектердің бәрі отқа оранған. Жайма базарға шығатын саудагерлер зар илеп отыр. Қаншама шығынға батқан. Көкеністер сатуға жарамайды, ал киімдер отқа жанып кеткен. Жауапты мамандар, пластикалық дүңгіршектер мен жәшіктер таратуды қамтамасыз етуде.

Қаншама көкөнісіп жанып кетті, енді қайттық. Бізге ешкім оны өңдіріп бермейді. Түнде болған өрттен затымызды алып қалу үшін келген едік. Бәрібір үлгермедік. Осымен бала-шағамызды бағып отыр едік. Тауарды біз қарызға арлып, кейін түскен пайдамен орнын толтырып отырамыз, - дейді саудагер Гүлдария Асаубаева.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы