Талдықорғанда баскетболдан қыздар арасындағы ел чемпионаты өтіп жатыр

Ел үздіктері Жетісуға жиналды. Талдықорған қаласында баскетболдан қыздар арасындағы Қазақстан чемпионатының алғашқы кезеңі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

21 жасқа дейінгілер арасындағы бәсекеге 7 аймақтың командалары жиналды. Бұл туралы Хабар24 жазды.

Айта кету керек, Батыс Қазақстан және Қызылорда облысының құрамалары айтулы аламанға алғаш қатысып тұр. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған бұрымды баскетболшылар аптадан аса уақыт айналмалы жүйеде ойнап шықты. Енді олар ел чемпинатының 2-ші кезеңі аясында Алматыда қайта жолығады. 

Қазақстан чемпионаты жыл сайын тұрақты ұйымдастырылады және уақыт өткен сайын жарыстың деңгейі мен ішкі бәсекелестік артып келеді. Бұл спортшылар жақын болашақта ересектер қатарына қосылып, кәсіпқой клубтар сапында өнер көрсетеді. Яғни, резерв деуге болады. Басқа жағынан ел намысын қорғайтын ұлттық құраманы да жасақтаймыз. Сондықтан, осындай жарыстардың маңызы ерекше, - дейді баскетболдан мемлекеттік жаттықтырушы Иван Гайна.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы