Талдықорғанда азды-көпті 23 мектепте ақша жымқырылған. Өңір әкімі мән-жайды айтты
Бір жылда Жетісу облысында бірқатар ауыр қылмыстар жасалды. Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев аталған жайттерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
ОКҚ-да өткен брифингте БАҚ өкілі өңір әкіміне:
Талдықорған қаласының білім бөлімінің есепшісі 1 млрд теңге жымқырды деп ұсталды. Қалалық білім бөлімінің бұрынғы басшысы мен әкімнің қоғамды дамыту басқармасына қарасты қызметкер суицид жасады. Ішкі істер басқармасы басшысы қыз зорлады деп айыпталды. Сондай-ақ үш жыл бұрын әйеліне пышақ жарақатын салған азамат жақында «Халық шығармашылық орталағына» директор болып тағайындалды. Осы оқиғалардан кейін қоғамды дамыту саласына тікелей жауапты орынбасарыңыз Рүстем Әлиді неге қызметінен босатпадыңыз, әлде Жетісу облысында кадр тапшы ма?, - деп сұрақ қойды.
Өңір әкімі журналистің сұрағына еріксіз келісетінін айтты.
Бухалтерлердің Талдықорған қалалық білім басқармасының 4 млрд-тан астам мемлекет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді. Тергеу амалдары жүргізілуде. 10- нан астам адам қамаққа алынды. Оның ішінде Талдықорған қалалық білім басқармасының басшысы, бас есепшісі және оның көмекшілері онымен қоса бірнеше мектептің есепшісі бар. Талдықорған қаласы бойынша 23 мектепте азды-көпті бюджет қаражаты тиімсіз мақсатқа сай жұмсады деген фактілер бар, - деді Исабаев.
Оның сөзінше, қалада іс бойынша 7 мектептің ішінде 5 директорды жұмыстан босатылды және екі директор өз еркімен кетті. Бәрі 7 директор қызметінен кетті. Тағы екі мектептің басшысына әкімшілік қатаң сөгіс берілді.