Талдықорғанда Айзат Жұманованы өлтірген күйеуі сотталды

Талдықорғанда Айзат Жұманованың өліміне қатысты резонансты іс бойынша үкім шықты. Сот марқұмның күйеуі Айбар Жанболатты қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп таныды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Судья оны кінәлі деп танып, 14 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Айта кетейік, бұған дейін, 8 қаңтар күні өткен жарыссөз барысында мемлекеттік айыптаушы Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша айыпталушыға орташа қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұраған болатын.

Судья оны кінәлі деп танып, 14 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Еске сала кетсек, 8 қаңтарда соттағы жарыссөз кезінде мемлекеттік айыптаушы Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі бойынша («Адам өлтіру») айыпталушыға орташа қауіпсіздік деңгейіндегі түзеу мекемесінде 15 жыл жаза тағайындауды сұраған еді.

Еске салайық, қайғылы оқиға 2025 жылдың 22 маусымында болған. Тергеу материалдарына сәйкес, 33 жастағы ер адам алкогольдік мас күйінде үйінің маңында әйеліне қол көтеріп, ұрып-соққан. Әйел оны тоқтатуды өтінгенімен, күйеуі әрекетін жалғастыра берген. Айзат есінен танып қалған сәтте де соққы тоқтамаған.

Сот барысында куәгерлердің көрсетулері мен айыпталушының кінәсін дәлелдейтін сараптамалық қорытындылар ұсынылды. Сот-медициналық сарапшылар алынған жарақаттардың өмірге тікелей қауіп төндіргенін растады. Осы деректердің негізінде Айбар Жанболатқа Қылмыстық кодекстің "Адам өлтіру" бабы бойынша айып тағылды.

Сот отырысында тәуелсіз сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров істің мән-жайына қатысты тың деректерді ортаға салған еді. Сарапшының айтуынша, зерттеу мәйітті қайта қазып алу арқылы жүргізілген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы