Талдықорғанда ауыл тұрғыны ақбөкен мүйізін сату кезінде ұсталды
8 қаңтарда күдікті полицейлердің, сондай-ақ ҰҚК Шекара қызметінің және Ұлттық ұлан арнайы күштері қызметкерлерінің көмегімен ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ақсу ауданының 32 жастағы тұрғыны ақбөкен мүйізін заңсыз сатпақ болған. Тінту кезінде ұсталған адамнан 222 дана жануарлардың дериваттары бар екі жол сөмкесі тәркіленді.
Тергеу ҚР ҚК-нің 339-бабына сәйкес жүргізіледі (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу). Ұсталған адам қамауға алынды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мамандар тәулігіне қанша мөлшерде су ішу керегін айтты
Келесі жаңалық
Қазақстанда жыл басынан бері 12 мыңға жуық сайт бұғатталды
Өзгелердің жаңалығы