Талдықорғанда Ардагерлер саябағынан заңсыз берілген жер учаскелері мемлекетке қайтарылды

Жетісу облысының Жер ресурстарын басқару департаменті Талдықорған қаласы прокуратурасының талабы негізінде қала аумағында орналасқан көлемі 35,4 гектар орман қоры жерлерін жеке меншікке заңсыз беру фактісі бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тексеріс нәтижесінде Талдықорған қалалық әкімдігімен жер учаскелерін беру кезінде Жер кодексінің 26-б. 2) т., 109-б.1) т., 47-б. 3) т., 43- б. 2) т., 44- б. 7), 18), 14-1 тармақтарының талаптары бұзылғандығы анықталды.

Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен Талдықорған қаласы әкімдігінің қаулылары жойылып, жер учаскесін сатып алу-сату, сыйға тарту шарттары және мұрагерлік құқығы туралы куәлік жарамсыз деп танылды.

Сот шешіміне жауапкерлер тарапынан апелляциялық шағым берілді. Жетісу облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 28.08.2024 ж. қаулысымен апелляциялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Жер ресурстарын басқару комитеті
Өзгелердің жаңалығы