Талдықорғанда 60 отбасы баспаналы болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесінде жетісулықтар қоныстой қуынышына кенелді. Талдықорғанда «Шаңырақ» бағдарламасымен 60 пәтерлік үй қолданысқа берілді. 

Жаңа үйдің маңына барлық әлеуметтік нысандар жақын орналасқан. Қалалықтарды қос қуанышымен қала әкімі Ержан Жасыбаев құттықтады.

5 қабатты жаңа үй облыс орталығының оңтүстік-батыс тұрғын үй массивіндегі 6-шағын ауданда орналасқан. Жобаның жалпы құны 860 млн теңгеден асады. Барлық аумағы абаттандырылған, серуендеуге арналған, және балалар ойын алаңы бар.

Жаңа баспанаға ие болғандар қатарында халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарының өкілдері, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері бар. Көптен күткен пәтер кілттерін қолына алған тұрғындар қуанышын жасырмай бір-біріне құттықтау тілектерін білдіріп, жаңа баспанаға шашу шашты.

Мен кезекте 7 жылдай тұрдым. Отбасым бар, 2 бала тәрбиелеп отырмыз. Бүгін «Шаңырақ» бағдарламасының арқасында 2 бөлмелі пәтер алып отырмын. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мерекесінде осындай жақсылыққа жетіп отырғанымызға қуаныштымын, енді өз баспанам бар. Барлық тұрғын үй алған азаматтарды қос мерекесімен шын жүректен құттықтаймын,- дейді қоныстой қуанышына кенелген азаматтардың бірі Арнұр Серікұлы.

Жалпы бұл тұрғын үйдің құрылысы 2020 жылдың мамыр айында басталған болатын. Үйдің жалпы алаңы 5106 шаршы метрден асады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Үш облыс «сары» аймақта
Өзгелердің жаңалығы