Талдықорған вокзалы қашан тазарады
Тұрғындар вокзалдың ішіне кірудің өзі мүмкін емес дейді. Мүмкіген жағымсыз иіс, қоқысқатолған аумағы жолаушыны үркітеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Біз бұған дейін облыс орталығындағы вокзалдың тарихын айтқанбыз. Жеке меншікке өтіп кеткен мекеме білгенін істеп отыр. Ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалды деп уәде берген иесі бұл уәдесінде тұрмаған сыңайлы. Ал қала әкімдігінің оған сөзі жүрмейді. Себебі вокзал территориясынаменшік иесінің ғана құзыреті жүреді.
Аталған автобекет кәсіпкердің жеке иелігіне өткен. Оған қала әкімдігі арнайы тапсырма бере алмайды. Заң аясында құқығы жоқ. Дегенмен біз арнайы тексеріс жүргізіп, қоғамның пікірін ескеретін боламыз. Ал жөндеу жұмыстарына меншік иесі жауапты саналады, - дейді қала әкімінің орынбасары Жеңіс Адамбеков.
Түнде автобус күткен жолаушылар ішімдікке тойып алып вокзал ішінде ұйықтап жататын маскүнемдердің көптігін айтады. Есігі қирағалы тұрған ғимараттың ішіне ешқандай жөндеу жұмысы жүрмеген. Кәсіп иесі тек қана қаржы табуға бағыттаған секілді. Жолаушылардың арыз-шағымына қала әкімдігі құлақ аса ма? Мәселе сонда. Қаланы бет-бейнесіне айналған автобекетті заман талабына сай жабдықтаса нұр үстіне нұр болар еді.
Темекі шегуге болмайды деп кішкентай белгі қойылған. Оны адам көрмейді. Айналасының бәрі қоқысқа толы. Тіпті орындыққа отыруға ыңғайсыздасыз. Үстіне бірнәрсе жұғып кетердей. Асханалардан тамақ ішу мүмкін емес. Жаман иістен мұрыныңыз бітеді. Алыстан келген қонақты вокзалдан салып жіберу үшін сыртында автобус күтуге мәжбүрміз. Себебі ішіне кірсеңіз шашылған қоқыстан жүрегіңіз айниды, - дейді қала тұрғыны Сафа Серғазы.
Айта кетейік, жолаушылардың бәрі осы пікірде. Вокзалға күрделі жөндеу жұмыстары қажет.