Талдықорған қаласында 30 мыңнан астам адам жер теліміне кезекте тұр
Алматы, BAQ.KZ. Облыс орталығында бүгінде 30520 адам жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер теліміне кезекте тұр.
Оның ішінде Өтенай ауылдық округінде - 26200, Еркін ауылдық округінде – 4320 адамнан жер телімі үшін өтініш келіп түскен.
Бұл туралы Талдықорған қаласының әкімі Әсет Масабаев өзінің алғашқы баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында ЖТҚ үшін жер учаскелерін алуға «Кезекте» тұрғандардың ашық бірыңғай тізімін енгізу мақсатында жер учаскелерін беру туралы өтініштерді түгендеу және жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін алуға кезекте тұрғандардың ашық бірыңғай тізімін енгізу жөніндегі жұмыс тобы құрылған, - деді ол.
Бүгінде екі округ кезекті түгендеуді аяқтап, «Кезекте» тұрғандардың ашық бірыңғай тізілімін енгізу үшін тізімдерді Алматы облысының жер қатынастары басқармасына тапсырды.
Осыған байланысты egov.kz электрондық үкімет порталында кезекке қою қызметі іске қосылды бүгінгі күні екі округ кезектілікті түгендеуді аяқтады және кезекте тұрғандардың ашық бірыңғай тізілімін енгізу үшін тізімдерді Алматы облысының жер қатынастары басқармасына берді, - деді Әсет Масабаев.
Қала әкімінің сөзіне сүйенсек, қазіргі уақытта «Жастар – 3» тұрғын үй алабының бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бойынша кезектілікке сәйкес жер учаскелерін бөлу жоспарлануда. Айта кетеу керек, ондағы 514 жер учаскесі инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген.