1 Қаңтар 2023, 14:33

Талдықорған маңында автокөлік аударылып, екі адам қаза тапты

Талдықорған маңында жеңіл автокөліктің аударылуы барысында екі адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Талдықорған маңында жеңіл автокөліктің аударылуы барысында екі адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

1 қаңтарда "Талдықорған-Үштөбе" тас жолының 10 шақырымында «Фольксваген Гольф» автокөлі аударылып қалған.

42 жастағы жүргізуші көліктің рулін басқара алмай, жол жиегінен шығып кеткен.

Оқиға орнында шетелдік неміс көлігінің жүргізушісі мен автокөліктегі 35-жастағы әйел қаза тапқан.

Аталған дерек бойынша ҚК 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.