Талдықорғанда Жеңіс күніне арналған шаралар өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Талдықорған қаласында Ұлы Жеңіс күніне арналған шаралар өтті.

«Естелік саябағы» республикалық акциясы шеңберінде Талдықорған қаласы Оқушылар сарайының «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұймының мүшелері «Киелі табиғат» жалпыұлттық жобаның еріктілері Талдықорған қаласының Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп 20 түп көшет отырғызды.

Шара мақсаты- өскелең ұрпақты мейрімділікке, табиғатқа жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу., "Жас Ұлан" ұйымының мүшелері әрдайым игі істерге ат салысып, еліміздің гүлденуіне үлестерін қосуға дайын. Осындай саналы ұрпақтарымыз мықты көшбасшыларға айналып, кемел келешекке жетелейтініне сенімдіміз, - деді «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының Алматы облысы бойынша төрайымы, «Киелі табиғат» жобасының үйлестірушісі Меруерт Күлшанова.

Сондай-ақ қалада Ұлы Жеңіс күніне қарсаңында Оқушылар сарайының жеткіншектерін «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімі өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы