Талдықорғанда пәтер өртеніп, төрт адам ауруханаға түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Талдықорған қаласында көпқабаты пәтер өртеніп, екі ересек және екі бала ауруханаға түсті, деп хабарлайды Алматы облыстық ТЖ баспасөз қызметі.

14 қаңтарда сағат 11:27-де Алматы облысы ТЖД Талдықорған қаласы «Мүшелтой» шағынауданы 28 үйдің төртінші қабатындағы пәтер өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Алматы облысы ТЖД қызметкерлері жанып жатқан пәтерден 4 адамды құтқарды. Оның ішінде екі бала болды (1981 жылғы ер адам, 1984 жылғы әйел адам және 2015, 2019 жылғы екі бала), олар Талдықорған қаласындағы облыстық және көпсалалы балалар ауруханасына жатқызылды, – делінген Алматы облыстық ТЖ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сондай-ақ ТЖД мамандары 15 адам, оның ішінде 8 баланы арнайы баспалдақпен эвакуациялады.
Өрт сағат 20 минуттың ішінде сөндірілді. Қызыл жалын 15 шаршы метр аумаққа шарпыған (жиһаз, теледидар және заттар жанған). Өрт сөндіру және адамдарды құтқаруға Алматы облысы ТЖД-нің 27 қызметкері мен 7 техникасы, Алматы облысы ПД-нің 10 қызметкері мен 4 техникасы, қаланың авариялық және шұғыл қызметкерлері жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі темекі шегу кезінде отты абайсыз қолдану болды, – деп толықтырды ТДЖ баспасөз қызметі.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы