Талдыкөлдің көлемін 5 есе көбейтеміз - Жеңіс Қасымбек

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында Астана әкімі Жеңіс Қасымбек айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Талдыкөл мәселесі жиі көтеріледі. Талдыкөлдің орнындағы көлді сақтап қала аламыз ба? Сондай-ақ Талдыкөлдің орнына үлкен саябақ салынады деген әңгімелер естідім. Жалпы, саябақ салу мәселесі қоғам назарынан тыс қалып қойған жоқ па? деп сұрады журналист.

Әкім бұл мәселенің күнде көтерілетінін айтады және экологтар мен қоғамдық белсенділермен жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

Үлкен Талдыкөлдің көлемі 50 млн куб метрге жететін. Ал 2000-шы жылдары 10 млн куб метр су еді, қазіргі таңда 1 млн-нан аз. 2015 жылы кәріз арқылы Талдыкөлге баратын суды тазалатып, Есіл өзеніне жібердік, - деп жауап берді Қасымбек.

Әкімнің айтуынша, үлкен Талдыкөлдің көлемім 5 есе көбейтілмек. Оған кем дегенде 1-2 жыл уақыт керек.

Кіші Талдыкөлдің бірнеше су айдыны бар. Біздің жоспарымыз бойынша 9-шы, 3-ші және 7-ші бөлімшеге жұмыс жүргізіп жатырмыз. Саябақ салу жоспары 5-ші бөлімшесіне қатысты, оның құжаттры әзірленіп жатыр. Ол мәселеде қала тұрғындарымен ақылдасу керек, - деді Астана әкімі.

Сонымен қатар әкім өз сөзінде Талдыкөл жанында жаңа құрылыс болмайтынын айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Орталық коммуникациялар қызметі
Өзгелердің жаңалығы