Көпбалалы отбасыларға 1000 тоннаға жуық көмір таратылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Талдықорған қаласының мешіт имамдары және "Жақсылыққа жарысайық" еріктілер тобының ұйытқы болуымен қаладағы көпбалалы отбасыларға 1000 тоннаға жуық көмір таратылды, деп жазады Muftyat.kz.
Игі шараға жомарт кәсіпкерлер қаржылай демеушілік көрсетті. Әлеуметтік көмекке мұқтаж жандардың тізімін жасауға Талдықорған өңірінің имамдары атсалысты. Осылайша сапасы жақсы "Шұбаркөл" көмірі көпбалалы отбасыларға тегін таратылды. Мұндай қайырымдылық шарасы мешіт жамағатының қатысуымен алдағы уақытта да жалғасады, - дейді еріктілер.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Еуропа кубогі: Анастасия Городко жеңімпаз атанды
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы