Талдықорғанда көгалдағы хоккейден жазғы спартакиада жеңімпаздары анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Талдықорғанда көгалдағы хоккейден Қазақстанның жазғы спартакиадасы аяқталды. Бұл туралы ҰОК баспасөз қызметі хабарлады.

Ерлер арасында бірінші орынды Алматы облысының командасы иеленді. Күміс жүлдені Қызылорда облысы, қола медальді Алматы қаласының өкілдері иеленді. 

Қыздар арасында республикалық турнирдің алтынын Қызылорда облысы жеңіп алды. Екінші орында Алматы облысы, үшінші орынды Батыс Қазақстан облысы алды.    

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы