Талдықорғанда қазақ күресінен жарыс өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Сіздерді  30 қыркүйек – 1 қазан күндері аралығында Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт сарайында  спорт ардагерлері арасында өтетін қазақ күресінен Қазақстан Республикасының чемпионатын тамашалауға шақырамыз», - делінген хабарламада.

Жарысқа еліміздің облыстары мен қалаларынан ең үздік палуандар қатысады.

Жарыстың салтанатты ашылу рәсімі 30 қыркүйек күні сағат 15.00-де «Жастар» спорт сарайында өтеді.

Жарыс күнделікті сағат 10.00-де басталады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы