"Талдықорған – Өскемен" жолында қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Сайранбек Бармақовпен бірге Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарындағы республикалық маңызы бар "Талдықорған-Өскемен" тасжолының қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскелерін тексерді.Ұзындығы 763 шақырымды құрайтын "Талдықорған – Өскемен" автомобиль жолын қайта жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр. Елдегі эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, жолшылар күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Бүгінге дейін мамандар 14856 мың текше метрден астам жер қазу жұмыстарын аяқтап, 272 су өткізу құбыры мен 29 мал өтпесін салды. Сондай-ақ, жолдың 287 шақырымында қиыршық тас және құм қоспасынан жасалған жолдың төсеме қабаты, 256 шақырымында жол негізінің төменгі қабаты, 238 шақырымында жоғары кеуекті ірі түйіршікті асфальт-бетоннан жасалған жол негізінің жоғарғы қабаты және 190 шақырымында тығыз ірі түйіршікті жол жабындысының төменгі қабаты жайластырылды, – делінген хабарламада.
Бұдан бөлек, мұнда жол өтпелері, көпірлер мен жол айырықтары сияқты 30 жасанды құрылымның құрылысы жүріп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шөкеев Шорнақтағы келеңсіз жағдайға байланысты пікір білдірді
Өзгелердің жаңалығы