Таласта 200-ге жуық мүмкіндігі шектеулі адамның құқығы қорғалды
Жамбыл облысының прокурорлары арнайы қызметке мұқтаж 275 адамның құқығын қорғады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жамбыл облысы Талас ауданының прокуратурасы 185 мүмкіндігі шектеулі адамның және 90 егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдардың құқықтарына нұқсан келтіру фактісін анықтады.
Уәкілетті органның аталған тұлғаларды тасымалдаумен және күтумен айналысатын мердігерді анықтауға байланысты мемлекеттік сатып алу рәсімін негізсіз созып, бұзғаны анықталды. Мемлекет тарапынан белгіленген көмек биылғы жылдың қаңтар-наурыз айларында көрсетілмеген. Салдарынан наразылық туындаған. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша бұзушылықтар жойылды, - делінген Жамбыл облысының прокуратурасы таратқан хабарламада.
Бүгінгі таңда мердігер анықталып, заңнамада көзделген арнайы әлеуметтік көмек көрсетуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Су тасқыны. Атыраудың Алмалы ауылынан 2 адам эвакуацияланды
Өзгелердің жаңалығы