Таласта 20 мыңға жуық тұтынушының құқығы шектелген
Жамбыл облысының прокурорлары 19 мыңнан астам тұтынушының құқықтарын қорғады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жамбыл облысы Талас ауданының прокуратурасы Талас ауданы әкімдігінің «Игілік» көпсалалы коммуналдық кәсіпорны ШЖҚ КМК-да аудан тұрғындарын коммуналдық қызметтермен (жылу энергетикасы, кәріз ыстық/суық сумен жабдықтау жүйесі) қамту бөлігінде талдау жүргізді. Салдарынан 19 393 тұтынушының құқықтарын шектеу фактісі анықталды. Атап айтқанда тұтынушылармен шарттар жасасу кезінде типтік міндеттемелерді мәтіннен алып тастағандықтан соңғылардың құқықтары бұзылды, - делінген хабарламада.
Мәселен, шарттың екінші бөлігінде кәсіпорынның тәулік бойы жұмыс режимі үлгілік құжаттарға қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні анықталды.
Сондай-ақ тұтынушылардың сапа, денсаулық және мүлік қауіпсіздігін реттейтін құқық нормалары белгіленбеген. Тиісінше тұтынушылар жеткізушінің заңсыз әрекеттеріне шағымдану құқықтарынан шектелген. Аудан прокуратурасы анықталған заң бұзушылық фактілері бойынша аудан әкімдігіне ұсыну енгізді. Нәтижесінде шарт талаптары сәйкестендіріліп, тұтынушылардың құқықтарын қорғауға мүмкіндік берді.