Талас өзеніне атасы мен немересі батып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің айтуынша, қайғылы жағдай Жамбыл ауданындағы Жасөркен ауылы маңында ағысы күшті Талас өзенінде болған.

23 шілде күні сағат 17:30-да куәгерлер Жасөркен ауылы маңынан өтетін Талас өзенінен ер адамның денесін судан шығарып алған. Кейін мәлім болғанындай, қарт адам немересімен бірге рұқсат етілмеген жерде суға түскен. Сағат 17:50-де қызды іздеу жұмыстары басталды. Ол шамамен сағат 17:10-дар шамасында суға батып кеткен, - деп хабарлады Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі.

Іздеу жұмыстары 23 шілде күні түнге дейін алғасып, іздеу жұмыстарына 5 құтқарушы мен 1 техника жұмылдырылды. 24 шілде күні таң ата іздеу жұмыстары қайта жанданады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы