Мемлекеттік материалдық резервке талапқа сай келмейтін азық-түліктер қойылған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Превенция департаментінің басшысы Анар Жарова агенттік алаңында өткен брифинг барысында мемлекеттік материалдық резерв саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы баяндады.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп өткен жылдың соңында Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің, оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының лауазымды тұлғаларына және жеткізуші компаниялардың өкілдеріне қатысты қылмыстық істі тергеді. Тергеу барысында криминалдық схема мемлекеттік материалдық резерв стандарттарының талаптарына сәйкес келмейтін азық-түлік өнімдері қойылатыны анықталды. Мысалы, сары майдың орнына өсімдік майы қосылған өнім – маргарин, ет консервілерінің орнына құрамында соя бар консервілер, өсімдік өнімдерімен қоюлатылған сүт болған", - деді Жарова.Превенция департаментінің басшысы келтірілген залалдың жалпы сомасы 6 млрд теңгеден астам екенін, қылмыстық жауапкершілікке 24 адам, оның ішінде Комитеттің бұрынғы екі басшысы тартылып жатқанын айтты. Қазіргі уақытта тергеу аяқталды. Қылмыстық іс материалдарымен танысқан соң сотқа жіберіледі.
"Бұл материалдық резерв жүйесіндегі жалғыз оқиға емес. Ведомство жұмыс істеген кезеңінде 90-жылдардың басынан бері жымқыру және лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланғаны үшін мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі уәкілетті органның 5 басшысы қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Сыбайлас жемқорлықтың жоғары деңгейін ескере отырып, ел президентінің тапсырмасына сәйкес агенттік Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік материалдық резерв комитетінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді. Нәтижелері бойынша сапасы лайықсыз өнімдерді мемлекеттік материалдық резервке жеткізумен, материалдық құндылықтарды жаңарту тетігінің кемшіліктерімен, операция жасау жүйесінің жетілмеуімен, қойма шаруашылығының ескірген желісімен, қазіргі заманғы бақылау жүйесінің жоқтығымен және т.б. байланысты бірқатар жүйелі проблема анықталды", - деді ол.Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметшілері қанша жалақы алатыны туралы хабарланған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елбасы Надаль және Джоковичпен кездеседі
Келесі жаңалық
Атырау тұрғынынан сібір жарасының белгісі анықталды
Өзгелердің жаңалығы