27 Шілде 2020 2020, 10:05

Талғар ауданының әкімі Жолан Омаров көз жұмды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысы Талғар ауданының әкімі Жолан Омаров 41 жасында қауіпті індеттен көз жұмды. 

Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысы Талғар ауданының әкімі Жолан Омаров 41 жасында қауіпті індеттен көз жұмды. 

Жолан Ыбрайақынұлы Омаров 1979 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін заңгер, Қазақ ұлттық аграрлық университетін кадастр бакалавры мамандықтары бойынша бітірген. 

Еңбек жолын "КИРЗАВОД-1" ЖШС атқарушы директоры болып бастады. Әр жылдары "КИРЗАВОД-1" ЖШС бас директорының орынбасары, "Алматыжер ҒӨО" ЕМК Алматы филиалы заң секторының маманы, Қаскелең жер-кадастрлық филиалының басшысы, "Алматыжер ҒӨО" ЕМК директорының бірінші орынбасары, директордың міндетін атқарушы, Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің "Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы" ШЖҚ РМК Алматы облыстық филиалы директорының міндетін атқарушы, Алматы облыстық жер қатынастары басқармасының бас маманы, облыстық туризм басқармасының бөлім басшысы, облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы қызметтерін атқарған. 

2017-2019 жылдарда Райымбек ауданының әкімі болды. Сондай-ақ осы күнге дейін Талғар ауданы әкімі қызметін атқарып келді.