Такси жүргізушісін тонап кеткен тұрғын ұсталды

Өскеменде клиент такси жүргізушісінің банк картасын ұрлап кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

62 жастағы қала тұрғыны полицияға жүргініп, бір тапсырысты орындағаннан кейін орындықтардың арасында жатқан банк картасы жоғалып кеткенін айтқан. Бұл туралы Altaynews жазды.

Артынша оның картасынан белгісіз адамдар 220 000 теңге шешіп алғаны туралы хабарлама келген.

Болған жағдайға 34 жастағы ер адам күдікті деп танылып, қолға түсті. Жауап алу кезінде ол өз кінәсін мойындады, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы