Тәжікстандағы президент сайлауында халықтың 70%-ы дауыс берген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәжікстандағы Президент сайлауы сәтті өтті, деп мәлімдеді республиканың ОСК төрағасы Бахтиер Худоерзода.
Бұл туралы Sputnik Таджикистан жазды.
Ведомство мәліметінше, Тәжікстандағы сайлауға сағат 15:00-дегі жағдай бойынша 70,1 пайыз адам қатысқан. Қазір сайлау учаскелерінде 3,5 млн-ға жуық адам дауыс берген.
Сағат 06.00-ден бастап, Тәжікстанда сайлау учаскелері ашық болды. Жалпы республика бойынша 3375 сайлау учаскесі жұмыс істейді, сонымен қатар Тәжікстаннан тыс жерде жүрген азаматтарға 29 мемлекетте 39 сайлау учаскесі ашылды.
Президент сайлауына Аграрлық партиядан Рустам Латифзода, Социалистік партиядан Абдухалим Гаффорзода, Халық-демократиялық партиядан Эмомали Рахмон, Экономикалық реформалар партиясынан Рустам Рахматзода және Коммунистік партия атынан Миродж Абдуллоев қатысып жатыр.
Тәжікстанда әрекет ететін заңға сәйкес Президент 7 жылға сайланады. Президент сайлауында 50 пайыздан жоғары дауыс жинаған үміткер Президент атанады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Әзербайжанның Гянджа қаласын атқылаудан тоғыз адам қаза тапты
Өзгелердің жаңалығы