Таиландтың оңтүстігіндегі су тасқыны құрбандарының саны 162-ге жетті
Қатты нөсердің салдарынан Таиландтың оңтүстігінде болған су тасқынында қаза тапқандар саны 162 адамға дейін өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Елдің Төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жеңілдету департаменті (DDPM) хабарлағандай, табиғи апат 12 өңірді қамтып, 1,4 миллионнан астам үй шаруашылығына және 3,8 миллионнан көп адамға зардабын тигізген.
Биліктің мәліметінше, қаза тапқандар саны сегіз өңірде 162-ге жеткен. Ең көп адам өмірін қиған провинция – Сонгкхла, мұнда 126 адамның қазасы тіркелген.
Таиланд премьер-министрі Анутхин Чанвиракун су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлеу келесі аптада басталатынын, сондай-ақ әртүрлі қолдау шаралары іске асырылатынын айтты.
DDPM өкілдері барлық зардап шеккен аймақтарда су деңгейі төмендей бастағанын мәлімдеді.
26 қараша күні премьер-министр Сонгкхла провинциясында төтенше жағдай режимін енгізген болатын.
Маусым мен қыркүйек аралығында Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азияға әсер ететін күшті муссондық жаңбырлар жыл сайын осындай ауқымды табиғи апаттар мен түрлі төтенше жағдайлар туындатады.