13 Шілде 2026, 13:30 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Бауыржан Жуасбаев

Таиландтағы өрттен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар бар ма? – ҚР СІМ жауабы

Өрттен 27 адам қаза тауып, 63 адам жарақаттанған.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі қазіргі уақытта Таиландта зардап шеккен ҚР азаматтары туралы ресми ақпарат түспегенін мәлімдеді.

Ведомствоның нақтылауынша, Таиландтың құзырлы органдары тиісті мәліметтерді жолдамаған. Сондай-ақ қазақстандықтар ҚР-ның Бангкоктағы Елшілігіне көмек сұрап жүгінбеген.

Еске сала кетейік, дүйсенбіге қараған түні Бангкоктың солтүстігіндегі танымал барлардың бірінде ірі өрт шықты.

Таиланд билігінің мәліметінше, кем дегенде 27 адам қаза тауып, тағы 63 адам түрлі жарақат алған.

Өрт Чатучак ауданында болған. Өртсөндірушілер жалынды шамамен 30 минут ішінде ауыздықтап, толық өшірді. Тілсіз жаудың салдарынан ғимараттың төбесі ішінара құлаған.