Таиландта шектеу шаралары қайтадан күшейтіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таиланд тағы да коронавирус құрсауында. Індеттің өршуіне байланысты карантиндік шектеулер қайта қатаңдатылып, коменданттық сағат енгізілетін болды, деп хабарлайды 24.kz.

Шешім 12 шілдеден бастап күшіне еніп 2 аптаға созылады. Шектеулер індет өршіген Бангкок қаласы мен тағы 10 провинцияда жүзеге асады. Жаңа тәртіпке сай сауда орталықтары мен азық-түлік емес дүкендер жабылып, мемлекеттік және жекеменшік сала қызметкерлері мүмкіндігінше қашықтан жұмыс істеуге көшіріледі. Аймақаралық сапар шектеледі.

Ал ресми дерекке қарағанда, Таиландта вирусты жұқтырудың тәуліктік көрсеткіші 9 мыңнан асқан. Жергілікті жұрт ПТР-тест қымбат екенін айтып шағымдануда. Бангкоктағы ғибадатханада тегін тестілеу орны ашылып, ұзын-сонар кезек пайда болған.

Коронавирусқа қарсы тестілеу қолжетімді болу керек. Адамдар қазіргідей ұзын сонар кезекте тұрмауы тиіс. Осы жерге 3-4 рет келіп тест тапсыра алмай кеткендер бар. Сондықтан билік жағдайды ескеріп, тиісті шара қабылдағаны жөн, – дейді Бангкок тұрғыны Пилайпорн Сарассорн.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы