Таиландта мұхит түбінен 300 келі қоқыс шығарылды

Ко Пакка және Ко Хонг аралдарында табиғат қорғаушылары осындай акция жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Су түбіне жиналған заттардың ішінде балық аулау құралдары, пластикалық және шыны бөтелкелер, шиналар бар. Жергілікті билік бұл қалдықтар заңсыз балық аулап жүрген балықшылар мен туристерден қалған дейді.

Айта кетерлігі, Таиланд әлемдік мұхиттың ластануына себеп 10 елдің қатарында. Ондағы тұрғындар статистикаға сәйкес жыл сайын мұхитқа 50 тоннаға дейін қоқыс тастайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: baq.kz
Өзгелердің жаңалығы