Таиландта кран жолаушылар пойызына құлап, 22 адам қаза тапты
Таиландта құрылыс краны жедел жолаушылар пойызына құлап, ол рельстен шығып кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі BBC-ге сілтеме жасап.
Төтенше оқиға салдарынан кемінде 22 адам қаза тауып, 30-дан астам адам жарақаттанған.
Жоғары жылдамдықты теміржол желісін салуға пайдаланылған кран пойызға құлаған кезде өрт шыққан. Өрт тез арада сөндірілді.
Оқиға Накхонратчасима провинциясының Сихио ауданында болған.
Зардап шеккен пойыз Бангкоктан Убонратчатхани провинциясы бағытына жүріп бара жатқан.
Апат болған жерде құтқару қызметінің қызметкерлері жұмыс істеуде. Олар үш вагонда қысылып қалған жолаушыларға көмектесуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қатты аяз кезінде Теміртау тұрғындары жылусыз қалды
Келесі жаңалық
Баспана бағасы қашан төмендейді? Дәулет Мұқаев кеңес берді
Өзгелердің жаңалығы