Таиландта коронавирус жұқтырғандар көбейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таиландта коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны артты, деп хабарлайды 24.kz.
Соңғы бір тәулікте корольдікте вирус 5 мыңға жуық адамнан анықталды. Бұл осы елде індет таралғалы ең жоғарғы көрсеткіш. Сарапшылар індеттің өршуін кеселдің түрмеде көптеп таралуымен байланыстыруда. Өйткені дертке шалдығу дерегінің жартысы түзету орындарында тіркелген. Мысалы, әйелдерді түзету орталығындағы 4 жарым мыңнан аса адамның 1 мыңы дертке шалдыққан.
Айта кетейік, Таиландта індет басталғалы 93 мыңнан астам тұрғын дертке шалдыққан. Індеттің таралуы, әсіресе соңғы айда күшейіп, вирусты жұқтырғандар саны екі есе артқан.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Өткен тәулікте 2704 адам коронавирустан емделіп шықты
Келесі жаңалық
Атырау тұрғынынан сібір жарасының белгісі анықталды
Өзгелердің жаңалығы