Таиланда тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионаты аяқталды
Жалпы есепте бірінші орындамыз. Таиландтың Районг қаласында тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz сілтеме жасап.
Таиландтың Районг қаласында тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионаты аяқталды.
Байрақты бәсекеге 27 елден 700-ге жуық шабандоз қатысқан болатын. Яғни ересектер, жастар және мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасындағы жарыстар бір мезетте паралель ұйымастырылды.
Нәтижесінде ұлттық құрама спортшылары 15 медаль жеңіп алды. Оның 8-і алтын. Бұған қоса, қоржынымызда 4 күміс пен 3 қола бар. Әсіресе, соңғы жарыс күні ерлер арасында 156 шақырымдық бәсеке өтті.
Қазақстандық Глеб Брусенский мәре сызығын бірінші болып кессе, тағы бір қазақстандық Евгений Гидич күміс медальға қол жеткізді.
Үздік үштікті жапониялық Юкия Араширо түйіндеді.
Бір аптаға созылған жарыс қорытындысы бойынша жалпы есепте Қазақстан құрамасы бірінші орынға жайғасты.
Екінші және үшінші орын, сәйкесінше, Тайланд және Вьетнам спортшыларына бұйырды. Айта кетейік, Азия чемпионатында топ жарған спортшыларға Париж олимпиадасының жолдамасына қажетті рейтингтік ұпайлар да беріледі.