Таиланд вакциналанған туристерге шекарасын ашты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таиланд толық вакциналанған туристер үшін сыртқы шекарасын ашты. Жаңа тәртіпке сай туристер елге келген соң коронавирусқа қарсы тест тапсырып, қонақ үйде бір күн күтуі тиіс.
Егер ПТР-тест қорытындысы теріс болса емін-еркін саяхаттай алады. Таиландта 18 айға созылған шектеулерден елдің негізгі кірісі саналатын туризм саласы 80 пайызға төмендеп кеткен еді. Егер 2019-жылы бұл елге 40 миллионнан аса саяхатшы барса былтыр олардың саны 7 миллиондай ғана болған.
Қазір Еуропада күн суық. Сондықтан Таиланд ашылып жатқанын ести сала бірден осында демалуды шешіп, ұшаққа бірден билет алған едік. Сөйтіп, алғашқы туристер болып шықтық, - деді германиялық турист Саймон Райтел.Коронавирус індетіне байланысты қатаң шектеулер енгізген Австралия да алғаш рет өзінің толық вакциналанған азаматтарына елге кіріп шығуына рұқсат берді. Бұл елде де шектеулер 18 айға созылған.
Ал оның барысында тек аз ғана азаматтардың елге оралуына рұқсат етіліп, 14 күндік карантин қолданылған еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
QazVac вакцинасы халал сертификатын алды
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы