«Тағзым» мемориалдық кешенінің тарихта қалатын орны зор – Досым Сүлеев

Академик, ғалым Досым Сүлеев Алматыда ашылған «Тағзым» мемориалдық кешенінің орнатылуының мән-мағынасын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Тағзым» мемориалдың кешенінің ашылуы - тарихта қалатын орны зор оқиға. «Қазағымыз бір тіріліп, бір өлген» деп айтуымыз бос емес. Енді бұл мемориал келер ұрпақтың есіне еліміздің тарихында болған маңызды оқиғаны салып тұрады, - деп айтты Досым Сүлеев.

Оның айтуынша, Республика алаңының бір шетінде бостандық монументінің жанында «Тағзым» мемориалы орнатылған.

Бұл мемориалдың рөлі өте зор. Себебі жастардың рухын, сана сезімін, патриоттық сезімін көтеретін маңызды миссиясы бар. Президент те бұл оқиға біздің елімізді біріктіріп, жұмылдырғанын айтты. Енді барлығымыз бірігіп, «бір жеңнен қол, бір жағадан бас» шығарып, әділетті Қазақстанға жол салуымыз керек. Қазақстанның өркендеп, өсуіне бірлесе атсалысуымыз керек, - дейді ғалым.

Досым Сүлеев экономика мен мәдениетті өркендетіп, әлемге танымал елге айналдыруымыз керегін айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы