Тағы жеті қазақстандық Украинадан Польшаға жеткізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 23 наурызда Қазақстанның Украинадағы елшілігі 7 адамға Львовтан Катовицеге жол жүруге жағдай жасады. Бұл туралы елшіліктің Telegram-каналында хабарланды.
2022 жылдың 23 наурызында Қазақстанның Украинадағы елшілігі Львовтан Катовицеге (Польша) 7 адамды, оның ішінде 12 және 4 жастағы балаларды, сондай-ақ екі мысық пен бір итті жөнелтуді ұйымдастырды, - делінген елшілік хабарламасында.
25 наурызда Катовицеден Қазақстан азаматтарын эвакуациялауға дайын гуманитарлық ұшақ ұшады деп жоспарлануда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда 234 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы