Тағы үш аймақта әуежай ашылатын болды

Бұл туралы Бурабайда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Тоқаевтың айтуынша, Алматы қаласында және Қостанай облысында автокөлік зауыттары ашылады. "Достық-Мойынты" темір жол учаскесінің және Алматы бекетін айналып өтетін темір жол желісінің құрылысы аяқталады. "Қызылжар – Мойынты" бағытында жаңа жоба басталады.

Ақтауда Каспий теңізінің жағалауындағы контейнер хабы салынып бітеді. "Қорғас – Шығыс қақпа" ЕЭА аумағында халықаралық әуежай жұмыс істей бастайды. Зайсан, Катонқарағай мен Кендірлі демалыс аймақтарында да әуежай ашылады, - деді Мемлекет басшысы отырыста.

Сонымен қатар Президенттің айтуынша, Каспий теңізінің ұлтанымен талшықты-оптикалық байланыс желісі тартылады, бұл қадам Еуропа мен Азия арасында цифрлық дәліз жасауға мүмкіндік береді. Еліміздің автокөлік жолдары желісін дамыту жұмысының мән-маңызы өте зор.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы